Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет

2021 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының қатысуымен Үйлестіру кеңесі өтті.

АКБ төрайымы Ирина Аронова Үйлестіру кеңесінің жұмысы барысында 2020 жыл және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде болған жазатайым оқиғалардың қорытындысын айтты.

Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылы зардап шеккендер саны 140 адамды құрады. Өкінішке қарай, 2019 жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 26 адамға артты. Бүгінгі күні салалық және жергілікті кәсіподақтар өндірістік жарақаттарды алдын-алу және болдырмау бойынша жұмыстар өткізуде.

Сонымен қатар қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелерінің сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кешенді құқықтық оқыту ұйымдастырылуда. Биылғы жылы кәсіподақ ұйымдарының жоспарларына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған: оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, еңбек қауіпсіздігі күндері, Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күніне арналған сайыстар және басқа да шаралар.

Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде маңызды мәселелердің бірі – жазатайым оқиғалардың алдын-алу бойынша Жол картасын талқылау және Қостанай облысының кәсіпорындарындағы әлеуметтік шиеленісті күнделікті бақылау. Осы сұрақ бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды, атап айтқанда жол картасын жасауда әлеуметтік әріптестік институтын тиімді пайдалану.