Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Марина Таловская 2017 жылы «Қарағанды қаласының №1 гимназиясы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды, гимназияның кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Марина Юрьевна кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғай отырып, еңбек ұжымында келіссөздер жүргізу және Ұжымдық шарт жасасу бастамасымен, сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның кәсіподақ комитетімен өзара бірлескен жұмыс жасай отырып, оның мазмұны қызметкерлердің мүдделеріне сай болуына қол жеткізуде.

Көптеген мәселелер гимназия директоры Татьяна Шнельмен әлеуметтік әріптестікте шешіледі.

Бірлескен жұмысты жүргізуге кәсіподақ активінің тату командасы – Татьяна Лаптева, Арманай Шонтаева, Алексей Александров және басқалар көмектеседі. Бұл шығармашылық, қамқор және ұжымдағы беделді мұғалімдер, олар қиын жағдайда көмек қолын созып, қуанышты бөлісе алады.

Марина Юрьевна жұмыс уақытының режимі, кезекші сыныптардағы мұғалімдерге жалақыны дұрыс есептеу бойынша даулы мәселелерді шешуге қатысады және қызметкерлерді қолдау мен тәртіптік жазалауларды қабылдау да онымен келісіледі. Марина Юрьевнаның айтуынша, әр қызметкер ерекше, сондықтан оны құрметтеу және бағалау керек.

Қашықтан жұмыс істеудің қиын жағдайына қарамастан, Марина Таловская басқаратын гимназияның кәсіподақ комитеті қашықтықтан жаңа жылдық фестиваль ұйымдастырды, ол 2020 жылдың соңғы күнінде көптеген қуанышты сәттер сыйлады, сонымен қатар @gymnasium_trade_union_1 инстаграм аккаунтында жаңа жылдық мерекелік күнтізбені құруға себеп болды. Желтоқсанның соңғы аптасының әр күніне тапсырма қойылды: жаңа жылдық киімдегі балалар суреті; көшеге шығып, қаланың жаңа жылдық безендірілуінің жанында суретке түсіңіз, үйді ескі және қажетсіз заттардан тазалап – жаңа өзгерістер үшін орын босатыңыз және т.б. Еңбек ардагерлері, педагогтар, мектеп қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері көптеген жағымды эмоциялар алды.

Мұғалімдер күні қарсаңында гимназия педагогтары естелік сыйлықтар алды, соның ішінде барлық қызметкерлердің аты-жөндері мен ізгі тілектері жазылған бетбелгілер алды.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы туралы қызметкерлердің пікірлері: «Марина Юрьевнаның қолдауымен гимназияда ұжымдық еңбек шарты бекітілді. Бүгінгі таңда кәсіподақ еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал етеді, ұйымда жағымды эмоционалды атмосфера құруға қатысады». (Варвара Фомина, психолог).

«Талқылаудан бастап, белгілі бір бастаманы дайындауға, өткізуге Марина Таловская гимназияда жұмыс істейтін жас мамандарды белсенді түрде тартады. Ауысым құрамының шығармашылық топтары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын дамытуға және қолдауға ықпал етеді. (Ольга Берзан, бастауыш сынып мұғалімі).

Бастауыш ұйымның төрайымы болу жауапты, оға қарамастан ризашылығы көп лауазым, өйткені кәсіподақ көшбасшысы әріптестерінің жылы лебіздері мен күлімсіреулерінен педагогикалық қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде тәжірибелі болады.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауышҰйым #ҚРКФ
#БастауышКәсіподақҰйымыЖылы