“Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” АКБ Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді

3 наурыз күні «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғалидің төрағалығымен өткен отырыста ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына орай қолға алған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы туралы әңгімелеп берді. Төраға биыл бастауыш кәсіподақтар ұйымының жұмысына серпін беру қажеттігін айта отырып, облыстық салалық кәсіподақ өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған «Еңбек жолы» байқауы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Халық бюджеті» атты жобалары туралы баяндап, кәсіподақ көшбасшыларын белсенді түрде қатысуға шақырды.

Отырыста еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістер де назардан тыс қалмады. Еңбек дауы мен әлеуметтік шиеленіс орын алуы мүмкін кәсіпорындардың болжамдық картасын жасау және олардағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау қажеттілігін айтып, оларды шешу бойынша кәсіподақтар тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде БАҚ-на хабарлап, әлеуметтік желілерге жариялап отыруды тапсырды.

Отырыс соңында «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сапарғали Шолданбаевқа өңірде өнімді әлеуметтік әріптестікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін облыстық мәслихаттың алғыс хаты табысталды.

#kasipodaqkz
#ҚалыңҚалайБастауыш, #КакЖивешьПервичка,
#ХалықБюджеті, #НародныйБюджет