ulytaynews.kz: “Үш қарағандылық «Еңбек Елшісі» деп танылды”

«30 Еңбек Елшісі» республикалық жобасының нәтижелері белгілі болды. Оның бастамашысы — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы. Жеңімпаздардың қатарында үш қарағандылық бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысу үшін 196 өтініш түскен. Сараптау комиссиясы отыз жеңімпазды анықтады.

Қарағанды ​​облысынан 24 үміткер болған. Олрадың үшеуі «Еңбек елшілері» деп танылды:

— Әділбек Бердіходжаев- робототехника курсының жаттықтырушысы, М. Жұмабаев атындағы гимназияның жүйелік инженері;

— Сұлтан Медеубаев – SENIM денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

— Айжан Тәубебаева — Қарағанды ​​облысы Кәсіподақтар орталығының жастар ісі жөніндегі бас маманы.

«30 Еңбек Елшісі» жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Оның мақсаты — жастар арасында еңбек құндылығын насихаттау. Байқауға 18 мен 35 жас аралығындағы кәсіподақ мүшелері қатысты.

http://ulytaynews.kz/sh-ara-andyly-e-bek-elshisi-dep-tanyldy/