Іс-сапар қорытындылары: «Ақтөбе облысының әлеуметтік-еңбек мәселелері – ҚРКФ назарында»

Қазақстан Республикасы ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған Кәсіподақтар федерациясының делегациясы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды.

Делегация құрамына ҚРКФ төрағасының орынбасары – Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева және «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес жұмысшылары салалық кәсіподағының төрағасы Қайрақбай Жаңабеков кірді.

 Әлеуметтік әріптестердің бірлескен іс-әрекеттері өзара ынтымақтастық туралы Меморандумда бекітілген

Ақтөбе облысына жұмыс сапары ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Орзалинмен кездесуден басталды.

Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын айқындап, бірлескен шаралар қабылдауға келісті.

Кездесуде облыстағы әлеуметтік-еңбек саласының әлеуеті талқыланып, әлеуметтік әріптестік аясында бірлесіп атқарылатын бірқатар шаралар белгіленді.

«Бүгінде Қазақстан, бүкіл әлемдік қауымдастық сияқты, Ковид-19 пандемиясының таралуымен байланысты күрделі экономикалық жағдайда тұр. Нәтижесінде республикада еңбек даулары айтарлықтай өсті. Біздің мониторингке сәйкес, биыл республикада 28 еңбек дауы тіркелді. Олар негізінен кәсіподақтар жоқ кәсіпорындарда орын алып жатыр. Мәселен, еңбек даулары болған 28 кәсіпорынның тек 8-інде Федерацияның кәсіподақ ұйымдары бар. Қазіргі кезде еңбек ұжымдарының көтеріп отырған негізгі проблемалық мәселелері – жалақының төмендегі, өмір сүру деңгейінің нашарлауы, лайықты еңбек жағдайларының жоқтығы, шетелдік және отандық жұмысшылар арасындағы жалақының айырмашылығы», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Кездесуде жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуді күшейту қажеттігі қозғалды.

«Өкініштісі, жазатайым оқиғалардың, оның ішінде өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың алдын алу әлі де мүмкін болмай тұр. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда артқаны байқалды. Мәселен, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 11-ден 16-ға көбейген», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ төрағасы кәсіпорындарда тәуелсіз қоғамдық бақылау құралдарының бірі ретінде өндірістік кеңестерді құру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазір облыста жұмыс істеп тұрған 13 526 кәсіпорынның тек 950 кәсіпорны мен ұйымында өндірістік кеңестер бар. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттары енгізілген облыстың 282 кәсіпорнының тек 20-сы ғана «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылып, Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы «Халықтық бақылау» жобасын жүзеге асырды», – деді ҚРКФ басшысы.

Оның ойынша, бұл өңірде жазатайым оқиғалардың жоғары көрсеткішіне алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Тағы да бір өзекті мәселе ұжымдық шарттарды бекіту жұмыстарын өзектендіру.

«Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарда ұжымдық шарттарды бекіту бойынша оң динамиканы атап өтпеуге болмас. Осылайша, ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстағы кәсіпорындарды ұжымдық шарттармен қамту өткен кезеңмен салыстырғанда 18,6%-ға өсті және бүгінде ол 68,1%-ды құрайды. Жұмыс істеп тұрған 13 526 кәсіпорынның ішінде 9 207-ге ұжымдық шарттар жасалған», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ төрағасы әлеуметтік әріптестік мәселесіне де ерекше назар аударды.

«Бұл бағытта біздің әлеуметтік әріптестермен бірге оң нәтижелер бар. Сонымен қатар, республикалық және аймақтық деңгейде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер де жоқ емес. Бұл, ең алдымен, жасалынатын ұжымдық шарттардың сапасы мен мазмұнына байланысты. Ұжымдық шарттардың сапасы мен мазмұны, олардың орындалуын кім бақылайды, олардың еңбек заңнамасына сәйкестігі және т.б. туралы бірқатар сұрақтар бар, сондықтан Федерация бұл бағытта еңбек инспекцияларымен бірлесіп жұмыс жасауымыз керек деп санайды», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік әріптестер, оның ішінде өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, біз аймақтық үшжақты комиссиялардың мәртебесінің төмендегенін мойындауымыз керек дегенді айтты.

«Осы бағытта жетекшілік ететін әкім орынбасарларының жиі ауысуы, кездесулердің өту мерзімділігінің болмауы, әлеуметтік диалогқа қатысушылардың тарапынан шешімдерді орындауы үшін жауапкершілік пен бақылаудың төмен деңгейі, комиссия құрамындағы жұмыс берушілер өкілдігі мәселесінің заңнамалық деңгейде белгісіздігі жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы үшжақты әріптестіктің рөлін едәуір төмендетеді. Осыған байланысты аймақтық үшжақты комиссияларға әкімдер төрағалық етуі, аймақтық комиссиялардың көшпелі отырыстарын кәсіпорындар мен кәсіподақтар алаңдарында өткізу, аймақтық комиссия отырысндарында тең төрағалық ету өзекті болып табылады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы облыс әкімшілігіне әлеуметтік әріптестік аясындағы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, «Кәсіподақ өкілі» белгісін табыс етті.

«Федерация әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қою және оны  жүзеге асыру бойынша болашақта қабылданатын шаралар әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты мәселелерді уақтылы және тиімді шешуге ықпал ететініне сенімд білдіреді», – деді ҚРКФ басшысы.

Облыстың кәсіподақ активімен кездесу: «Еңбек адамы – кәсіподақтың қорғауында»

Осы күні ҚРКФ төрағасы өңірдегі кәсіподақ белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында Сатыбалды Дәулеталин Федерацияның 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиясының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы әңгімелеп берді. Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Ақтөбе облысындағы бірқатар өзекті әлеуметтік және еңбек мәселелерін қарастырды.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев мәлім еткендей, өңірде 1181 бастауыш, 15 жергілікті және 10 салалық кәсіподақ ұйымы бар. Кәсіподақ мүшелерінің саны 132 мың. Оның 45 мыңнан астамы жастар. Алтынбек Әмірғалиев атап өткендей, жыл басынан бері облыста кәсіподақ ұйымдарының саны артып, 7 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған.

Кездесу соңында ҚРКФ төрағасы облыстағы бірқатар кәсіподақ белсенділерін Еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қоқозғалысының дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.

Кәсіподақтар федерациясы денсаулық сақтау қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын жасауға ниетті

 Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин облыстағы ең ірі емдеу-диагностикалық мекеме – «AktobeMedicalCenter» жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарының өзекті мәселелері бойынша ашық диалог форматында өтті.

Еңбек ұжымын толғандыратын мәселелердің көпшілігі медициналық қызметкерлер мен техникалық персоналдың еңбек ақысына байланысты.

Медициналық орталықтың штаттық саны 1586 құрайды, оның 24,3% – дәрігерлік персонал, 39,3% – медбикелер, 22,6 – кіші медициналық қызметкерлер. Олардың барлығы – кәсіподақ мүшелері.

Бүгінгі күні медициналық орталықтағы дәрігерлердің орташа жалақысы 198 339 теңгені, ал орташа медициналық қызметкерлердікі 152 044 теңгені құрайды.

«SENIM» жұмысшыларының салалық кәсіподағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Қайрат Сабыр атап өткендей, дәрігерлердің еңбекақысының мөлшері бірнеше рет өскеніне қарамастан, кіші медициналық қызметкерлердің, жүргізушілердің, есепшілердің, қаржыгерлердің және басқа да көмекші персоналдың жалақылары өзгерген жоқ. Оның айтуынша, медициналық орталықтағы жедел жәрдем жүргізушісі шамамен 80 мың теңге алады.

Бұл мәселе туралы басқа медициналық мекемелердің басшылары да айтты — облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов пен №3 қалалық емхананың бас дәрігері Жәнібек Нармұхамедов.

Сатыбалды Дәулеталин медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Кәсіподақтар федерациясының медицина қызметкерлерінің мүдделерін қорғау жөніндегі бастамалары туралы айтты. Ол Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестер алдында еңбекақы төлеу мәселесін өткір қоятынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасы, сондай-ақ Республикалық үшжақты комиссия аясында Кәсіподақтар федерациясы аралас салаларда жұмыс істейтін мамандардың салалық тиістілігін белгілеу туралы мәселені шешу қажеттігі туралы бастама көтерді. Білім беру және мәдениет мекемелеріндегі дәрігерлер, денсаулық сақтау ұйымдарындағы мұғалімдер. Сонымен қатар, біз білікті мамандар мен техникалық қызметкерлердің табыс деңгейіндегі алшақтықты жоюға, сондай-ақ жалпы бюджет саласындағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауға, соның ішінде базалық лауазымдық жалақыны ең төменгі жалақыға ауыстыруға шақырамыз. Ең маңыздысы – 10 жылдан астам уақыттан бері өзгермеген базалық лауазымдық қызметақы мәселесі», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Ол кәсіподақтардың ең төменгі жалақыны көтеру жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды.

«Ашығын айтқанда, бүгінде 42 500 адамға лайықты өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Кәсіподақтар ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен көтеру мәселесін өткір қоюда және алдағы уақытта да талап етуді және Үкіметпен бірге шешуді жалғастыра береді», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ басшысы кездесуге қатысушыларға Бас келісімнің жаңа нормалары, оның ішінде жалақыны индекстеу, ХЕҰ-ның №131 конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ Еңбек кодексі мен «Кәсіподақтар туралы» ҚР Заңының нормаларын жетілдіру туралы айтты.

ҚРКФ басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 222 миллиард теңге бөлінгенін еске түсірді.

«2021 жылғы 22 қаңтарда Медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы салалық келісімге қосымша келісім күшіне енді. Құжат барлық медициналық ұйымдарға медициналық қызметкерлердің жалақысын заңды түрде көтеруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдарға қызметкерлердің жалақы қорын көбейтуге мүмкіндік беретін қызметтерге тарифтер көтерілді. Өсім кезең-кезеңімен жүреді және ресми жалақыға түзету коэффициентіне байланысты болады. Жоғары санат үшін орта есеппен 32%, орташа персонал үшін 21% өскен. Кейбір мекемелер бұл нұсқаулықтарды қолданбайтыны туралы мәлімет бізге жетті. Кәсіподақтар шет қалмайды және коронавирустық пандемиямен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салады», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Кездесу барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы пандемия кезінде медицина қызметкерлерін қолдау шараларына тоқталды.

«Кәсіподақтар федерациясының бірқатар өтініштері білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары үшін қосымша төлемдер мен үстемелер жүйесін реттеуге байланысты. Федерацияның бастамалары белгілі бір деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметінде қолдау тапты. Федерацияның COVID-19 пандемиясына қарсы күреске қатысатын медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы үндеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін ұйымдар қызметкерлеріне және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзетулер енгізді.

Кәсіподақтардың ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан әскери госпитальдардың медициналық қызметкерлеріне денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлері деңгейінде үстемелер тағайындалды.

Бүгінгі күні Федерация Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде медициналық қызметкерлердің жұқтыру және коронавирустық инфекциядан (вирустық пневмониядан) қаза болу жағдайларын жазатайым оқиғаларға жатқызу мәселесін көтеруде, бұл оларға тиісті сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді», – деді ҚРКФ төрағасы.

Оның айтуынша, пандемия кезеңінде карантинге жіберілген адамдарды орналастыру үшін кәсіподақ активтерін беру туралы ҚРКФ бастамасы маңызды қадам болды. Пандемия басталғаннан бері Федерация және оның мүше ұйымдары азаматтарға 500 миллион теңгеден астам сомада материалдық көмек көрсетті. ҚРКФ мүше ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен 724 отбасына, оның ішінде медициналық қызметкерлерге көмек көрсетілді.

Кездесу соңында кәсіподақ белсенділерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Әлеуметтік әріптестік іс жүзінде

  ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнының басшылығымен және кәсіподақ активімен кездесулері нәтижелі болды.

Кездесуде еңбек ұжымында тұрақты әлеуметтік климатты сақтаудың ең өзекті мәселелері талқыланды.

Бұған дейін, осы жылдың ақпан айында компания қызметкерлері жалақыны көтеру және ауысым ұзақтығын 30-дан 15 күнтізбелік күнге дейін қысқарту туралы талаптарын алға тартқан болатын.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС басшылығымен келіссөздері нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артады, ал ауысым ұзақтығын қысқарады.

Сатыбалда Дәулеталиннің табанды ұсынысы бойынша барлық келісімдер кездесу Хаттамасында көрсетілді.

Кәсіподақтардың белсенді қатысуымен келісім комиссиясының жұмысы нәтижесінде жұмыс беруші ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін қызметкерлердің жалақысын 20%-ға көтеруге және ауысым ұзақтығын қысқартуға кепілдік берді.

Сатыбалды Дәулеталин жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін толық көлемде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті және жұмыс беруші тарапқа келісімді жиналыс хаттамасы аясында бекітуге кеңес берді.

«Бұл кездесу жұмысшылардың құқықтары бұзылмайтындығына және талаптардың ақылға қонымды деңгейде орындалатындығына кепілгер болуы тиіс», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

ҚРКФ басшысы компания басшылығын ұжымдық шарт аясында қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударуға шақырды. Бұл жерде мәселе жалақыны арттыру, лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары туралы болды.

«Еңбек адамы – Кәсіподақтар федерациясының басты құндылығы. Біздің басты басымдықтарымыз – лайықты еңбек жағдайлары мен жалақы, әлеуметтік тұрақтылық пен тиімді әлеуметтік әріптестік», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Жұмыс берушінің өкілдері Кәсіподақтар федерациясының төрағасын келіссөздер барысында қол жеткізілген барлық шарттардың орындалатынына сендірді және жиналыс хаттамасында өз міндеттемелерін бекітті.

«Сагиз Петролеум Компани» ЖШС бас директорының орынбасары Цю Гуанюаньның айтуынша, жұмысшылардың талаптары ескерілді, хаттама орындау үшін қабылданды.

 Кәсіподақтар ұзаққа созылған еңбек даулары мен шиеленістерді болдырмауға көмектеседі

  Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин облыстың кен өндіруші секторындағы компаниялардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кәсіподақтар федерациясының басшысы Ақтөбе мыс компаниясына барған кезде жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек жағдайларымен танысты.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС – Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандарындағы мыс және мыс-мырыш руда кен орындарын кешенді игеруге арналған «Ресей мыс компаниясы» ЖАҚ холдингінің құрамына кіреді. Кәсіпорында 1173 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің орташа жалақысы 201 615 теңгені құрайды.

Компаниядағы бастауыш кәсіподақ ұйымын 2021 жылы ақпанда 22 адамнан тұратын бастамашыл топ құрды.

Бас директордың құқықтық мәселелер және табиғатты пайдалану жөніндегі орынбасары Анжелика Шипилова жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерді ынталандыру жүйесі туралы айтты.

Оның айтуынша, орта есеппен 2 жыл ішінде жалақы 25% көтерілді, индекстеу жыл сайын жүзеге асырылады.

Сонымен бірге ол біліктілікті арттыру бағдарламалары және қызметкерлерді жоғары лауазымдарға көтеру мүмкіндіктері туралы баяндады.

ҚРКФ төрағасы кәсіподақтардың жұмысшылар үшін кепілдік қамтамасыз етуде, сондай-ақ еңбек дауларының алдын алуда және шешуде ерекше рөлін атап өтті. Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, келіссөздер арқылы дауды сындарлы арнаға жеткізе алатын кәсіподақтармен өзара әрекеттесу арқылы ұзаққа созылатын еңбек даулары мен шиеленістерді болдырмауға болады.

«Біздің мәліметтер бойынша, биыл елімізде 28 еңбек дауы тіркелді. Көбіне олар кәсіподақтары жоқ кәсіпорындарда болған. Олардың тек 8-інде ғана ҚРКФ кәсіподақтары бар, олар өз кезегінде дауды тез арада шешуге үлес қосты», – деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.

Оның пікірінше, еңбек дауларының негізгі себептері – төмен жалақы және лайықты еңбек жағдайларының жеткіліксіздігі.

«Еңбекақы төлеудің барлық жүйесін қайта қарау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Бізде әлеуметтік жауапты жұмыс берушілер көп. Бірақ бұл мәселелермен айналыспайтын жұмыс берушілер де бар. Табыстың кем дегенде 50%-ы жалақы қорына бағытталуы керек – бұл алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің тәжірибесі. Қазақстанда бұл көрсеткіш 29-30% құрайды. Бұл қайшылықты жеңу керек», – деп санайды ҚРКФ басшысы.

Сонымен бірге, ол ұжымдық шарт қызметкер үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер берудің маңызды құралы екенін атап өтті.

«Бүгінде ұжымдық шарттың әлеуметтік әріптестік тараптары үшін оң әсері айқын. Қызметкер үшін артықшылық бұл –  әлеуметтік қорғау және материалдық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады, ал жұмыс беруші үшін – еңбек мотивациясына жағымды әсер ету және қызметкерлердің нақты қажеттіліктерін дәл түсіну», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

 Кәсіподақтар қатары толығуда

 Сонымен қатар, «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес жұмысшыларының салалық кәсіподағының төрағасы Қайрақбай Жаңабековтың кәсіподақ активімен және әлеуметтік әріптестермен кездесулері барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

«Ту-Ха» мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясы» ЖШС мен «Урихтау Оперейтинг» ЖШС жұмыс берушілерімен және кәсіподақ белсенділерімен кездесулер барысында әлеуметтік әріптестік аясындағы өзара әрекеттесу перспективалары, оның ішінде компанияларда бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселесі талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде «Ту-Ха» мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясы» ЖШС-де бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының құрамына кірді.

«YNTYMAQ» төрағасының «М-Техсервис» ЖШС кәсіподақ активімен  кездесуі барысында еңбек дауларының алдын алу және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кәсіпорын қызметкерлері жалақыны 15-20%-ға көтеру туралы талаппен шығуға ниеттерін білдіреді.

Қайрақбай Жаңабеков кездесуге қатысушыларды келісім комиссиясы аясында сындарлы диалогқа шақырды, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде келіссөздер жүргізу тетігін түсіндірді.

Компания «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының мүшесі емес екендігіне қарамастан, ол қызметкерлердің рұқсат етілмеген наразылықтарына жол берілмейтіндігін үзілді-кесілді атап өтіп, еңбек дауын шешуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Педагогикалық қоғамдастық та назардан тыс қалған жоқ

 ҚРКФ делегациясының сапары барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ-нің төрайымы Айгүл Мұқашева және салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының белсенділерімен кездесті.

Кездесуде Айгүл Мақсатқызы салалық кәсіподақ жұмысына жан-жақты тоқталып, алда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді  белгілеу жөніндегі  2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы мағлұмат берді.

Айгүл Мұқашева кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиевті «Білім кәсіподағына сіңірген айырықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы