«Еңбеккер бейнесі» акциясының кейіпкері – Александр Шкурков

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы мен жергілікті кәсіподағы кәсіподақтың белсенді мүшесі, дене тәрбиесі кафедрасының доценті Александр Семенович Шкурковты мерейлі 70 жасымен құттықтады.

А. Шкурков университеттегі еңбек жолын 1995 жылы бастап, 2018 жылға дейін дене тәрбиесі кафедрасын басқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедрада доцент болып жұмыс істейді.

Ол дене шынықтыру кафедрасында жұмыс істеген кезде баскетболдан 14 спорт шеберін дайындады. Кейін А.Шкурковтың жетекшілігімен кафедраның жаттықтырушылары мен оқытушылары 3 еңбек сіңірген, 15 халықаралық және 60-тан астам әртүрлі спорт шеберлерін дайындады.

Александр Шкурков спорттық жұмысымен қатар ғылыми қызметін де сәтті үйлестіреді. Бүгінге дейін оның 30 ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарыққа шықты.

Еліміздің спорт саласын дамытудағы зор еңбегі бағаланып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Студенттік спорттың дамуына қосқан үлесі үшін» FISU Дүниежүзілік студенттік спорт ұйымының дипломымен, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2015 жылы оған баскетболдан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді.

Мерейлі сәтінде жаттықтырушысын құттықтауға оның спорттық мансабын одан әрі жалғастыратын тәрбиеленушілері де келді.