“Медиация және құқық негіздері” атты I-ші аймақтық құқықтық турнирдің жарысы өткізілді

Павлодар облысында алғаш рет Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ медиация орталығының бастамасымен Павлодар, Нұр-Сұлтан және Балқаш қалаларының мектептері мен колледждерінің командалары қатысқан “Медиация және құқық негіздері” I өңірлік турнирі өтті.

Еңбек құқығы бойынша сарапшы ретінде құқықтық турнирге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалының басшысы М. А. Иванова қатысты.

Өңірлік құқықтық турнирдің бағдарламасына Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әзірлеген Еңбек құқығы бойынша сұрақтар мен ситуациялық міндеттер енгізілді: еңбек шарты туралы, жұмысқа қабылдануға болатын жас туралы, Ұжымдық шарт туралы, еңбек демалысы туралы, оған қатысушылар толық жауап берді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жүлделі орындарға ие болған “Медиация және құқық негіздері” I-ші өңірлік құқықтық турнирдің жеңімпаз командаларын құттықтайды: колледждер арасында 1-ші орын – жоғары педагогикалық колледжінің командасы, Ахметова Г. Павлодар қаласы, 2 орын – Еуразия гуманитарлық колледжінің командасы Нұр-Сұлтан қаласы, мектептер арасында 1 орын – №19 мектеп командасы Павлодар қаласы және № 26 мектеп-лицейдің командасы Нұр-Сұлтан қаласы иеленді.