ҚРКФ мен Грузия кәсіподақтарының қауымдастығы лайықты еңбек стандарттарын бірлесіп ілгерілетпекші

Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы 19-21 мамыр күндері жұмыс сапарымен Грузия кәсіподақтарының қауымдастығына (Тбилиси) барып қайтты.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Даулеталин Грузия кәсіподақтары қауымдастығының төрағасы Иракли Петриашвили арасындағы диалог ашық және нәтижелі өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның Кәсіподақтар делегациясы Грузия кәсіподақтары кеңесінің мүшелерімен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, Имеретин аймағындағы өңірлік кеңсесінің өкілімен кездесіп, жұмыскерлерді құқықтық қорғау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, әлеуметтік әрәптестік, ұжымдық шарттарды реттеу, гендерлік теңдік, кәсіподақтардың ұйымдастырушылық жұмысы және тағы да басқа салаларда тәжірибе алмасты.

Тәжірибе алмасу шеңберінде кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау, әлеуметтік-экономикалық талдауды дайындау, еңбек дауларын шешу, кәсіподақ мүшелерін оқыту, медиа жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, жастар комитеті мен әйелдер комиссиясының да жұмысы талқыланды.

Сонымен қатар, делегация Еңбек министрлігінде болып, Мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бека Перадземен кездесті. Кездесу барысында Грузия тарапы қазақстандық делегацияны еңбек инспекциясы қызметі туралы хабардар етті.

Сапар барысында Қазақстан мен Грузия кәсіподақтары арасындағы достық қатынастарды нығайту және дамыту, халықаралық кәсіподақтар ынтымақтастығын нығайту, лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілік стандарттарын бірлесіп ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.