«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ басшылығы Манкент шипажайының ұжымымен кездесті

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары  Нұрлан Өтешев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы  аясында  еліміздегі кәсіподақдық шипажайлардың ең көнесі «Манкент шипажайы» АҚ  бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті. Келесі жылы оның құрылғанына 100 жыл толады.

«Манкент» – бұл Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан және асқазан-ішек жолдары, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, тыныс алу мүшелері, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге мамандандырылған бірегей көп салалы бальнеологиялық шипажай. Медициналық ғимараттары заманауи технологиялық құрал-жарақтармен жабдықталған. 2019 жылы шипажай ESPA Еуропалық қауымдастығының жоғары бағасына әрі  халықаралық стандарт сертификатының ие болды. COVID-19 пандемиясы басталғалы бері «Манкент» кәсіподақтар федерациясының шешімімен эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысып келеді, қазіргі уақытта мұнда қазақстандықтарды коронавирустан кейінгі оңалту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Шипажайдың 195 қызметкері бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі. Жұмыс берушімен қарым-қатынас 2020 жылдың қаңтарында жасалған ұжымдық шартқа негізделген. Осы жылдың сәуір айынан бастап шипажай қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға өсті. Әлеуметтік әріптестер медициналық қызмет көрсету деңгейіне ерекше мән береді, сондықтан жыл сайын шипажай қызметкерлері өздерінің біліктіліктерін жоғарылатады.

Нұрлан Өтешев онлайн-кездесу қатысушыларына айтқан алғысөзінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының ҚРКФ бастамасымен Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылына арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіліп жатқанын жеткізді.

«Еліміздің барлық аймақтарында өткізілген мұндай кездесулер жергілікті шешімдерді қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін ұтымды ұсыныстармен алмасу. Осындай кездесулердің негізінде атқарушы органдарға ұсыныстар дайындалады, ал кәсіподақтар мен жалпы Федерация тарапынан өзекті мәселелерді шешудің ең қолайлы жолдары ұсынылады», -ҚРКФ төрағасының орынбасары.

«YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ  Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев шипажайдың кәсіподақ ұйымы аймақтағы жетекші ұйымдардың бірі екенін атап айтты.

Өз кезегінде «Манкент» шипажайы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Нұрашев шипажайдың медициналық қызметкерлері бюджеттік ұйымның қызметкерлері емес болғандықтан, жалақысы төмен деңгейде екенін айтып, Кәсіподақтар Федерациясының басшылығынан әлеуметтік әріптестеріне заңдық негізде жалақыны көтеруге кеңес беруін сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген  ҚРКФ төрағасының орынбасары ең алдымен кәсіподақ ұйымының мүшелеріне жұмыс беруші мен шипажай қызметкерлері арасындағы ұжымдық шартқа тиісті түзетулер енгізуге кеңес берді. Ал заңнама деңгейінде шешу мәселесі федерация жанынан құрылған еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының талқылауына шығарылатын айтты.

«Жұмыскерлердің жалақысын көтеру мәселесі Кәсіподақтар федерациясының күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан аймақтардан келіп түскен осындай өтініштердің барлығы Федерацияның назарынан тыс қалмайды және Үкіметтегі әлеуметтік әріптестердің назарына жеткізіледі»,-деді Нұрлан Өтешев.

Кездесу соңында Түркістан облысы кәсіподақтарының аумақтық қауымдастығының төрағасы Өмірәлі Бердіғали бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы