«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ басшылығы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкерлерімен кездесті

Бастауыш кәсіподақ жылы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылығы бейнеконференция арқылы өңірлердегі еңбек ұжымдарын күн сайын аралауда.

Бүгін федерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханадағы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кітапхана 2018 жылы көру қабілеті бұзылған адамдарға арналып қайта жасақталған. Осы уақыт ішінде кітапхана 14 аймақтық филиал мен екі пункт ашты. Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың көру проблемаларын ескере отырып, әртүрлі акциялар ұйымдастырады және нашар көретін адамдарға қажет технологиялық шешімдерді жүзеге асырып, өз күштерімен шығарады, бейімдейді. Осылайша кітап қорын Брайль шрифтіндегі арнайы әдебиеттермен толықтырады, «сөйлейтін»  кітаптар арқылы сандық қор кітапханаларын дамытады. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандарға ғаламторды пайдалану дағдыларын үйренуге көмектеседі, ал оқу залы нашар көретін қонақтарға арналған арнайы автоматтандырылған алаңдармен жабдықталған. Бір атап өтерлігі, кітапхананың тұрақты оқырмандары тек көру қабілеті нашар адамдар ғана емес, олардың отбасы мүшелері сонымен қатар, тифлопедагогика және дефектология саласының мамандары. Көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты мен «Ақбота» мамандандырылған балабақшасының тәрбиеленушілері де кітапханаға жиі келеді.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетовтің айтуынша, кітапханада 57 адам жұмыс істейді, олардың барлығы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері, сондықтан жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы барлық қатынастар әлеуметтік әріптестік қағидаттарына негізделген.

Өз кезегінде кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Әбжаппарова ұжымдық шартта қарастырылған әлеуметтік пакет туралы айтты.

Осыдан бір жыл бұрын Шымкентте ашылған Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрағасы Руслан Шеримов Шымкенттегі кәсіподақ орталығына салалық ұйымдардың өзекті мәселелерін шешуде бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.

Ал Шымкент қаласы аумақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Бауыржан Әлтеев түсіндіргендей, босатылған кадрларды жұмысқа орналастыру мәселелері оң шешімін кәсіподақ орталығы, салалық кәсіподақ филиалы мен әлеуметтік әріптестердің бірлескен үш жақты комиссия отырысында тапты.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Светлана Иманқұлова бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлердің мүдделерін қорғау және әлеуметтік әріптестердің паритеттік қатынастарды дамыту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады. Салалық кәсіподақтың қызметі туралы ақпаратпен бөліскеннен кейін ол саладағы проблемалық мәселелерге тоқталды.

«Біздің салада әлі де шешілмеген проблемалар бар: төмен жалақы, тұрғын үй мәселелері. Біздің депутаттарымыз (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – ред.), Берік Бекжанов, Мейрамбек Төлепберген және Екатерина Смышляева бұл мәселелердің өзектілігін біледі, сондықтан олардың көмегімен базалық лауазымды жалақы, жалақының өсуі, біліктілік санаттарды қайта қарау және зияндығы үшін қосымша төлемдерге қатысты мәселелер Үкіметке жетеді деп үміттенеміз. Кәсіподақтар федерациясы мен салалық кәсіподақ осы мәселелердің Парламент және басқа да мемлекеттік органдарда қаралуын бақылауда ұстайтын болады», – деп атап өтті Светлана Иманқұлова.

Өз кезегінде кәсіподақ қозғалысының ардагері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бастарбек Пырымбетов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын өткізу туралы бастама үшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының басшылығына алғысын білдірді. Ардагер атап өткендей, жергілікті кәсіподақтардың қарапайым мүшелері үшін мұндай кездесулер орталықтан тиісті ақпарат алу мүмкіндігі және әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі жақсартуға стимул болып табылады.

Бастауыш ұйыммен кездесуге шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген әр қызметкерге лайықты еңбек жағдайларын жасаудағы және оның әлеуметтік әл-ауқаты мен дамудағы өсуіндегі кәсіподақтың рөлін ерекше атап өтті. Ол қызметкерлердің барлық ұсыныстары мен өзекті мәселелері парламентшілердің назарынан тыс қалмайды деп сендірді.

Бүгінгі кездесуді қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақтардан барған Мәжіліс депутаттарына олардың ашықтығы мен еңбекші қазақстандықтардың көкейтесті мәселелерін Үкіметке депутаттық сауалдары арқылы жеткізуге дайын екендіктері үшін алғыс айтты Ол мәдениет қызметкерлерінің базалық лауазымдық жалақысының мөлшерін арттыру мәселелері ҚРКФ-нан әлеуметтік әріптестерге ұсыныстар пакетіндегі өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

«Біз кәсіподақ мүшелерінің барлық өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге «Әділеттілік пен дамуға –  бірлікте» деген ұранымызды ұстана отырып,  қол жеткізе аламыз», – деп қорытындылады өз сөзін Нұрлан Өтешев.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы