“Ізгілік шуағы” акциясы бастау алды

Балалар – біздің еліміздің болашағы. Біздің мемлекет олардың денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше назар аударады.

«Балаларды қорғау күні» мерекесі жақындап келеді және бұл балалардың өздері үшін көңілді демалыс қана емес, сондай-ақ барлық балалардың бақытты болып өсуі, білім алуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттігін ескертеді.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мемлекеттің мұқият қамқорлығында және ерекше назарында болады.

Халқымыздың жақсы дәстүрі – мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау. Бұл маңызды адамзат миссиясын Қазақстан кәсіподақтары жүзеге асырады.

«Қызмет» Салалық кәсіподағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрлановтың айтуынша, еліміздің кәсіподақ қозғалысының алдыңғы қатарындағы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» кәсіподақ мүше-қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ата-аналарының назарынан тыс қалған балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік атаулы көмекке бағытталған жыл сайынғы қайырымдылық, тақырыптық және арнайы акцияларын өткізіп тұрады.

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 28 мамыр мен 13 маусым аралығында «Қызмет» Салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы «ІЗГІЛІК ШУАҒЫ» атты қайырымдылық акциясын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету және «Үміт» дағдарыс орталығы КММ медициналық-әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсету мақсатында өткізеді. Соған орай елорда тұрғындары мен әріптестерді «ІЗГІЛІК ШУАҒЫ» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз. Біздің ұстаным: «БІРГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ!»,- дейді А.Нұрланов.