«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: ҚРКФ басшылығы «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ еңбек ұжымымен кездесті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»  акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ның бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.

«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ кәсіподақ ұйымы 1984 жылы ұйымдастырылған және бүгінде зауыт жұмыскерлерінің 95%-ы яғни 1420 адамның басын біріктіріп отыр.

Кездесуге қатысушыларды таныстыра отырып, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова федерацияның жергілікті жерлердегі кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесу туралы бастамасының маңызын атап өтті.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында федерация басшылығының Екібастұз ГРЭС-2 АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесуі өте маңызды. Мұнда кәсіподақ жұмысының мол тәжірибесі жинақталған, әлеуметтік әріптестік деңгейі жоғары. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Сауле Галеева. Ол ұйымды  2014 жылдан бастап басқарады. 2020 жылы жаңа мерзімге сайланды », – деді Динара Айтжанова.

Сәуле Галеева кәсіподақ комитетінің лайықты еңбек жағдайларын жасау, техникалық инспекторлардың қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылауы, ұжымдық шарттың орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс, ардагерлер мен жастардың бастамаларын қолдау, Келісім комиссия мен Өндірістік кеңес құрамындағы, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету бағыттарындағы жұмысы туралы әңгімеледі.

Оның айтуынша, қолданыстағы ұжымдық шарт шеңберінде баланың туылуына байланысты 70 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді; ай сайынғы көп балалы және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға 5 АЕК төленеді; кәсіпорынның зейнеткерлері ай сайын 2 АЕК мөлшерінде төлем алады; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға қосымша 5 күнге дейін демалыс күндері беріледі; жыл сайын жалақы 5% -дық инфляция деңгейінде көбейтіліп отыралы және басқа да әлеуметтік төлемдер төленеді.

Кәсіподақтардың Өндірістік кеңестегі тәжірибесі туралы  Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Азамат Абельдинов әңгімелеп берді.

Ол кәсіпорында қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды еңбек қорғау жөніндегі 15 техникалық инспекторлар жүзеге асыратынын, егер олар айына кемінде үш тексеріс жүргізсе, ресми жалақының 5% мөлшерінде қосымша төлем алатындығын баса айтты. Олардың қызметі өндірістік жарақат динамикасын 2021 жылы нөлдік жарақатқа қарай өзгеруіне мүмкіндік берді.

Кездесу барысында еңбек ұжымы Үкіметтің 2013 жылғы «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебіненміндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту» туралы №1562 қаулысына энергетика саласына қатысты  «Электр станциялары»-«Электр энергетикасы» мамандықтарын қосуды және әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендетуді сұрады.

ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев бұл сұраққа жауабында федерация әлеуметтік-еңбек қатынастарына байланысты еңбек заңнамасына және басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу үшін бірнеше жұмыс топтарын құрғанын атап өтті.

«Сіздер білесіздер, федерациядан үш кәсіподақ көшбасшылары алғаш рет Мәжіліс депутаттары болып сайланды, олардың депутаттық сауалдары арқылы біз бұл мәселелерді күн тәртібіне қоямыз», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, кәсіподақтар федерациясымен еңбек саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс туралы айтты.

«Еңбек кодексіне жұмыс тобы енгізген түзетулердің шамамен 90 пайызы Еңбек Адамының жағында. Біз сондай-ақ жергілікті жерлерден түскен ұсыныстарды қарастырып жатырмыз және өзгерістер мен толықтыруларды нақты сектордағы кәсіпорындардың қызметкерлерімен бірлесіп талқылауға дайынбыз. Қазір біз зейнетақы аннуитетін қайтаруды, шегін төмендетуді талап етудеміз», – деді Екатерина Смышляева.

Ол сонымен қатар «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебіненміндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін» толықтыру мәселесін қараудың өзектілігін атап өтті.

«Бұл өте маңызды сұрақ. Ең алдымен, бұл мәселені талдап, жұмыс берушілер бірлестігімен талқылау қажет. Консенсусқа қол жеткізу нәтижелері бойынша келісілген тізім уәкілетті органдардың қарауына жіберіледі», – деп толықтырды депутат.

Екібастұз ГРЭС-2 АҚ-да  әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақпен өзара іс-қимыл, оның еңбек ұжымы өміріндегі рөлі туралы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы Сергей Сиваракша әңгімелеп берді.

«Әлеуметтік әріптестікті дамытудың барлық салаларында жұмысшылардың қорғалуын сайланған кәсіподақ комитеті атқарады. Оның нәтижелері бүкіл еңбек ұжымының бастауыш кәсіподақ ұйымына сенімі болып табылады. Жұмыс беруші арлық маңызды шешімдерді кәсіподақпен және Екібастұз қаласының әкімдігімен және Солнечный кентімен әріптестікте б қабылдайды », – деп атап өтті Сергей Сиваракша.

«Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас кәсіпорындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту нәтижесін жоғары бағалады.

«Кәсіпорындағы әлеуметтік тұрақтылық сақталды. Ұжымдық шарт жақсы жасалған. 95% кәсіподақ мүшелігі маңызды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын Солнечный поселкесіне тиісті көңіл бөледі », – деді Оразбек Бекбас.

Дегенмен  әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмысшыларға жағдайды одан әрі жақсарту қажеттілігі атап өтілді.

«Ұжымдық шарттың талаптарын жақсарту, жетілдіру, қосымша тармақтарды ескеру қажет, оның ішінде кәсіподақ комитетінің қызметіне жұмыс берушінің қаражат бөлуін қарастыру қажет», – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы.

Кездесуді қорытындылай келе, федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев әлеуметтік және еңбек тұрақтылығын сақтауда кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестермен белсенді жұмысының, әлеуметтік әріптестікті дамытудың, Үкімет, Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және Кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімдегі міндеттерді орындаудың маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіподақтардың басты міндеті – ұжымдық шарт арқылы еңбек құқығын қорғау. Сіздердікі  өзгелерге үлгі боларлық ұжымдық шарттардың бірі. Бүгін көтерілген сұрақтар федерациясының ерекше назарында және біз оларды барлық жерде көтеріп жүрміз», – деді Мұхтар Тінікеев.

ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру қажеттілігі туралы пікірін білдірді

«Бұл мәселеде федерацияның ұстанымы нық. Жалақыны есептеу тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Қазақстандағы ең төменгі жалақы – 42 500 теңге – бұл өте аз мөлшер. ХЕҰ Кейц индексін бекітті, онда ең төменгі жалақы орташа жалақының 50% -ын құрауы керек делінген. Бүгінгі күні егер Қазақстанда орташа жалақы 206 000 теңгені құраса, онда ең төменгі жалақы 103 000 теңгені құрауы керек. Біздің елде ең төменгі жалақы орташа жалақының 20% құрайды», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары.

Ол сонымен бірге әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Биыл Үкімет, Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен Кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Біз жаңа Бас келісімге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру нормаларын енгізе алдық. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде ең төменгі жалақыны біртіндеп арттыру, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда жалақы индекстеуін заңнамалық тұрғыдан бекіту және ХЕҰ-ның №131 «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялау мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады. Жаңа Бас келісімдегі міндеттер Еңбек Адамына қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау болып табылады», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.

Ол Парламент Мәжілісінің депутатына Еңбек адамының мүдделерін ілгерілетуде белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты және салалық кәсіподақ басшысы мен «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ кәсіподақ белсенділеріне  зауыт жұмыскерлерінің мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы