Әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылау үшін 2021 жылғы 30 маусымда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова және Павлодар облысы бойынша “Химия, мұнай химиясы және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ өкілі Б.Төлеубаев “УПНК-ПВ” ЖШС Бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Нағашбек Әубәкіровпен кездесті.
Оның басшылығымен “Павлодар” арнайы экономикалық аймағының басты объектілерінің бірі – мұнай коксын қыздыру зауытының құрылысы жүзеге асырылды, онда 400-ден астам қызметкер еңбек етеді.
2021 жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялады.
2020 жылы пандемия кезеңінде “УПНК-ПВ” ЖШС еңбек ұжымымен бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Еңбек ұжымының “УПНК-ПВ” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жөніндегі бастамасын серіктестік басшылығы толық қолдады.
Еңбектегі жетістіктері үшін Нағашбек Қаппарұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің “Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері” төсбелгісімен және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әңгіме барысында Д.Айтжанова Қазақстан Республикасында және Павлодар облысында әлеуметтік әріптестікті дамыту туралы айтып берді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарында 25 салалық келісім, 17 өңірлік келісім, сондай-ақ 15 915 Ұжымдық шарт жасалды және жұмыс істейді.
“Әлеуметтік әріптестіктің тиімді моделі әрқашан өндірістік процестерді тұрақтандыруға, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасының нормаларын қатаң сақтауға бағытталған. Сіздің жан-жақты қолдауыңыздың арқасында зауытта ұжымдық шартты әзірлеу және бекіту жөніндегі комиссия құрылды, оның мақсаты ұжымның әлеуметтік және еңбек қызметін жақсартуға бағытталған ұжымдық шарт болады”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.