Кәсіптік одақтар еңбек дауларын шешуге қатысады

Маңғыстауда  жыл басынан бері еңбек дауы тіркелген 15 кәсіпорынның тек 2-уінде ғана кәсіподақтар бар болып шықты.  Кәсіподақтар осыған қарамастан барлық еңбек дауының шешілуіне ат салысты.  «Манғыстау облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Шадрах Ермекбайұлының айтуынша, қазір барлық еңбек даулары  шешімін тауып, жұмыскерлер талабы қанағаттандырылды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы барлық келісімдер Келісім комиссияларының Хаттамаларында көрсетілді.