Республикалық біріңғай медиация күніне орай дөңгелек үстел өтті

4 тамызда күні Павлодарда республикалық біріңғай медиация күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисованың модераторлығымен өткен басқосуға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі “Қоғамдық келісім” РММ Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Талшын Италиева, Павлодар облыстық сотының судьясы, Павлодар облыстық сотының татуластыру рәсімдерінің үйлестірушісі  Гүлнұр Тергемесова, Павлодар облысы “Қоғамдық келісім” КММ медиация орталығының басшысы Ольга Николашина , Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Айтжанова Динара қатысты.

Дөңгелек үстел “Медиация туралы” ҚР Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына және “Қоғамдық келісім” КММ медиация орталығы қызметінің 5 жылдығына арналды.

Басқосуда  медиация орталығының қызметі, қазақстандық қоғам үшін татуластыру рәсімдерінің маңызы, қоғамдық медиаторлардың соттармен бірлескен қызметі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы медиацияның рөлі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал бөлігімен жұмыс істеудегі медиацияның рөлі, ауылдық жерлердегі қоғамдық медиатор қызметінің ерекшеліктері талқыланды.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова өз сөзінде Павлодар облысы кәсіподақтарының медиация құралдарын пайдалана отырып, еңбек дауларын шешуге  қосқан үлесі туралы айтып берді.

Ол 2018 жылғы 19 наурызда Жоғарғы Сот пен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын, кейін ҚРКФ-ның барлық аумақтық бірлестіктерінде Татуласу орталықтары ашылғанын атап өтті.

Осылайша орталық  Павлодар облысының әрбір тұрғынына кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан құқықтық мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік ашып отыр.

«Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің баспасөз қызметі