Медиация туралы заңға 10 жыл

Бүгін ZOOM платформасында 5 тамыз – Медиация күніне орай, “ҚР “Медиация туралы” Заңына 10 жыл” атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысып, кәсіподақ тарапынан атқарылып келген құқықтық жұмыстар туралы баяндама жасады. Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Татуласу орталылығының жеткен жетістіктері мен нәтижелері туралы айтылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV “Медиация туралы” заңына биыл 10 жыл толып отыр. Облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы өз сөзінде кәсіподақ қызметіндегі медиациялық үрдістер туралы және осы уақытқа дейін жұмыс жасап келген Татуласу орталығының жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ қазіргі таңда, кәсіподақ жанынан құрылған “Заң клиникасы” кабинеті туралы таныстырып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында кәсіподақ заңгерлері мен медиаторлардың көмегімен өткен құқықтық шаралар жөнінде айтып өтті.

“Жыл басынан бері облыстық кәсіподақ заңгерлеріне 812 өтініш түсіп, құқықтық кеңестер берілген. Ал Заң клиникасы ашылғалы бері 33 өтініш қаралып, 1 өтініш сотқа жетпей шешімін тапты”, – дейді кәсіподақ төрайымы Айгүл Есекенова.

#kasipodaqkz

“БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ