8 тамыз құрылысшылар күнімен құттықтау

Құрметтi құрылыс саласының қызметкерлерi!

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы атынан сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылысшы – құрметті мамандық! Елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар. Құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші. Еліміздің егемендік алған 30 жылдың ішінде қол жеткiзген жетiстiктерiнде сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор.

Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

 

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин