Татуласу орталығы жұмыскерлерге еңбек мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетуде

Павлодар облысындағы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде Татуласу орталығы ашылған. Орталық еңбек даулары туындаған жағдайда жедел заң көмегін көрсетіп, татуласу процедураларын өткізеді.

Мысалы, бүгін жедел желіге еңбек шартына қосымша келісім жасау туралы сұрақ түсті. Өтініш берушінің анонимдігін сақтай отырып, егжей-тегжейлі жауап берілді.

Павлодар облысының әрбір тұрғыны кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан және ақысыз негізде төмендегідей қызмет түрлерін ала алады (өтініш берушінің қалауы бойынша анонимдігі сақталады):

-жұмыс беруші мен қызметкер (лер) арасында туындайтын еңбек саласында татуластыру келіссөздерін жүргізу,

– 24/7 режимінде +7 708 861 46 56 жедел желі нөмірі бойынша заңгерлік кеңес беру,

– еңбек қатынастары саласында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық консультациялар (жалақыны төлемеу, кешіктіру, заңсыз басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтату, жұмыс беруші тарапынан өндірістік-тұрмыстық жағдайларды сақтамаудан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзушылықтардан туындайтын мәселелер, жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша тәртіптік жазаны заңсыз қолдану, материалдық тұрғыдан жазалау),

– еңбек дауын сотқа дейін және сотқа жүгінбей реттеу үшін медиацияны жүргізу.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығы  жұмыскерлерді еңбек саласындағы даулы мәселелерді уақытты, қаржылық шығындарды үнемдеу және жедел шешу мақсатында сотқа жүгінбес бұрын татуластыру келіссөздерін жүргізуге шақырады.

 «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің баспасөз қызметі