Кәсіподақтар мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

3 қыркүйек күні Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова және “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев “УПНК-ПВ” ЖШС еңбек ұжымын құттықтап, өндірістің үздік озаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.

“УПНК-ПВ” ЖШС Бас директоры Нағашбек Әубәкіров кәсіподақ көшбасшыларын марапаттау үшін сөз бере отырып, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестікті және кәсіпорынның әлеуметтік-еңбек тұрақтылығын дамытудағы жоғары рөлін атап өтті.