Жолдау – мемлекеттің бір жылдық стратегиялық саясаты

Зайырлы мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында Президентіміздің Қазақстан халқына жасаған Жолдауымен таныса отырып, еңбек етуші әрбір азаматқа тікелей қатысы бар тармақтарын оқып шықтық.

Кәсіподақ ұйымдары әркез өз жұмысымыздың маңыздылығын ескеріп, әрқашан кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғай отырып, олардың көкейкесті мәселелерін алға тартып отырамыз. Оның ішінде әркез қабылдауға келетін кіші қызметкерлер, күзетшілер мен жүргізушілердің төменгі жалақысын көтеру мәселесін де аяқсыз қалдырмауға тырыстық. Жұмысшылардың наразылығын әртүрлі алаңдарда жеткізе білдік.

Бүгінде Мемлекет басшысының Жолдауы көп сұрақтың шешімі әрі түйіні болды. 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Елдегі жұмысшылардың едәуір бөлігінің еңбекақысының орта деңгейден жоғарылайды. Бұл жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуіне, жұмысшылардың еңбекке ынтасының жоғарылауына оң әсер етеді деп сенеміз. Себебі, бұл мемлекетіміздің ең маңызды факторы адамға қажетті өзгерістер жолындағы алғашқы қадамдардың бірі деп білеміз.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам басқанымызды атап көрсетті. Ал дамушы елдің басты құндылығы – еңбек етуші топ.

Бауыржан Атауов, “БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ төрағасының орынбасары