Кәсіподақтар “Мектепке жол” акциясына белсенді қатысуда

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының (төрағасы – Айқын Ахметов) құрамына кіретін «Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене ат салысады, оның мақсаты – әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек көрсету.

Ұжымдық шартты орындау аясында төрайым Гүлнар Шахарбаева бастаған «Қарағанды Су» ЖШС кәсіподақ ұйымы осы игілікті акцияны жыл сайын үзбей ұйымдастырып келеді.

Биыл бұл мақсатты орындауға 2 млн 300 мың теңге бөлінді. Осы кәсіпорынның мектеп жасындағы балалары бар қызметкерлеріне бірреттік материалдық көмек келесі критерийлер бойынша көрсетілді: 3 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасылар, мүгедек балалар, қамқоршылар, жесірлер, балаларды өз бетінше тәрбиелеп отырған аналар. Барлығы біржолғы материалдық қолдаумен кәсіпорын қызметкерлерінің 465 баласы қамтылды.

Білім күні – барлық оқушылар үшін айтулы мереке және жаңа оқу жылының басталуы! «Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы барлық балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, табысты оқу және адал достар тілейді!