Балалар демалысы ұтымды ұйымдастырылды

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті кәсіпорын қызметкерлерінің балалары үшін жазғы сауықтыру маусымын аяқтады. 2021 жылы жазғы кезеңнің 4 маусымында кәсіпорын қызметкерлерінің 150 баласы демалып, денсаулығын түзетті, оның ішінде Солнечный кентінде тұратын жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін 20 жолдама бөлінді.

Балалар Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан “Лесная сказка” балалар сауықтыру орталығында демалды. “Лесная Сказка” балалар жазғы лагері он екі ғимарат-құрылыстан тұрады, олардың бесеуі жайлы тұру үшін барлық қолайлы жатын корпустары болып табылады. Әр бөлмеде дәретхана бөлмесі, душ бар. Балалардың тамақтануы сапалы, жақсы деңгейде жүргізілді.

Ойын-сауық бағдарламасын білікті мамандар жүргізді. Балалар жорықтарға барып, спорттық және ойын-сауық ойындарын ойнады, музыкалық, би, зияткерлік конкурстарға қатысты: “Ең үздік”, “Таланттар байқауы”, кештерде алау жанында кездесулер мен дискотекалар ұйымдастырылды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Галеева және кәсіподақ комитетінің мүшелері балалардың тамақтануы мен демалуының сапасын тексеру мақсатында балалардың сауықтыру лагеріне тұрақты түрде барып тұрды, бұл станция қызметкерлерінің балаларының тиісті демалуы мен сауықтырылуын қамтамасыз етті.