«Парыз 2021» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2021» республикалық конкурсына қатысу үшін Қарағанды облысы бойынша 27 жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде 8-і ірі, 19-ы орта және шағын бизнес өкілдері өтінім берді.

Конкурс номинацияларына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (Бас директоры Биджу Наир, кәсіподақтар төрағалары Виктор Щетинин, Евгений Буслаев), «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС (Бас директоры – Алишер Ибрагимов, кәсіподақ төрайымы – Ольга Вершинина), «Қарағанды Су» ЖШС (Бас директоры – Данияр Исаев, кәсіподақ төрайымы – Гүлнара Шахарбаева), «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (Бас директоры – Сабырғали Ыдырысов, кәсіподақ төрайымы – Татьяна Михайдарова), «Жаңаарқа» ЖШС несие серіктестігі (директоры – Саулет Рымбеков, кәсіподақ төрағасы – Зура Хафарова) мүшелік ұйымдары белсенді қатысты.

Бүгін онлайн режимде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда сараптамалық жұмыс тобы ұсынған материалдарды ескере отырып, келесі номинациялардағы еңбек ұжымдары өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар болып танылды:
– «Үздік ұжымдық шарт» – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Теплотранзит Караганда» ЖШС, Жезқазған қ. «Макенбаева» ЖШС;
– «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» – «Майкер» ЖШС, Жезқазған қ. «Жүрек» ЖШС, «Көлғанат-Қарағанды» ЖШС, Саран қ. «A.V. Group» ЖШС;
– «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – «Qaz Carbon» ЖШС;
– «Экологияға қосқан үлесі үшін» – «YDDCorporation» ЖШС, «RecyclingCompany» ЖШС Бұқар Жырау ауданы, «Рапид» ЖШС.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері «Парыз 2021» республикалық конкурсының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын беруге Қарағанды облысына коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде көрсеткен көмегі үшін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысқаны үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Шет ауданының «Харекет» шаруа қожалығы ұсынылды.