Екібастұз қаласының кеншілер отбасы “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасында бейнеконференция байланысы арқылы бүкіл елден байқаудың облыстық кезеңдерінің 17 лауреатына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Кездесуге қатысушыларға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

– Біз әрбір қазақстандық отбасыда келісім, бақыт және амандық ахуалының орнағанын қалаймыз. Сондықтан мен отбасылық саясатқа ерекше назар аударамын. Отбасы институты өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік, патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Жаһандану жағдайында біздің дәстүрлі рухани құндылықтарымыз қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы маңызды. Бұған Отбасы күніне орайластырылған жыл сайынғы жалпыұлттық конкурс айтарлықтай үлес қосуда, – делінген Президенттің құттықтауында.

Павлодар облысындағы “Мерейлі отбасы” өңірлік кезеңінің жеңімпаздары Екібастұздан келген Мыңбаевтар отбасы болды. Бұл “Богатырь Көмір” ЖШС-де жұмыс істейтін кеншілердің еңбек әулеті. Барлық отбасы мүшелері “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ кәсіподағының белсенді мүшелері. Отағасы Жұмақан Мыңбаев кәсіпорында тартқыш агрегатты басқарады. Жұбайы Ғалия – жылу пунктінің операторы. Ұлы Естай Темірханов электрмен жабдықтау дирекциясында электр слесарь болып жұмыс істейді, қызы Әсем Әшімтаева бала күтімі бойынша декреттік демалыста, ал күйеу баласы Бауыржан Әшімтаев Роторлық экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Барлық өңірлердегі ұлттық байқау лауреаттары сияқты Мыңбаевтар отбасы да сыйлық ретінде  5 миллион теңгеге сертификат алды.