Кәсіподақ төрағасы Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына қатысты

2021 жылғы 9 қыркүйекте Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанованың төрағалығымен Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті, онда депутаттар жоспарлы мәселелерді қарады.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов хабардар етті. Ол атап өткендей, облыста қалалар мен аудандарда 13 ақпараттық-түсіндіру тобы, облыстық дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы, Екібастұз қаласы әкімдігінің конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы жұмыс істейді.

Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Халық, студенттер мен оқушылар және басқа санаттар арасында атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша шаралар қабылдануда.

Тексеру комиссиясының мүшесі Мәулен Үйсінбаев комиссия мүшелерін білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тиімділігі, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай кезеңінде бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі аудиторлық қорытынды туралы хабардар етті.

Депутаттық бақылаудағы мәселелер бойынша комиссияда облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының “Сарыарқа” шағын ауданында 650 орындық, Жетекші ауылында 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп, Мойылды ауылындағы мектепке 150 орындық жапсар салынған ғимарат құрылысы және облыстың білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу барысы туралы ақпараты тыңдалды.

Барлық қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды, депутаттық бақылау жалғасады.