Отбасы – ұлттың тірегі

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес 2013 жылдан бері елімізде отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында отбасы мен балаларды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдылықтарының бірі екенін айтқан болатын.

Осындай мерейлі мерекені Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жоғары деңгейде ұйымдастырды.

“Жанұя және жаңа технологиялар” тақырыбы аясында аудандағы білім беру ұйымдарында пікірталас, тренинг, отбасылық сайыстар өткізілді. Аталған шараларға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов қатысып, қатысушыларды мерекемен құттықтып, дипломдар мен сыйлықтар табыстады.