Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды

13 қыркүйекте “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігі кәсіподақтың Online платформасында кәсіподақ активіне, өндірістік кеңес мүшелеріне, облыстың техникалық инспекторларына арналған “Of-line оқыту жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” атты дөңгелек үстел өткізді.

Қазіргі өмірдің шындығы осындай форматтағы және тақырыптағы оқыту семинарлары уақыттың қажеттілігі мен талабына айналды. Өйткені, қауіпсіздікті қамтамасыз ету   -кәсіподақтардың басым міндеттерінің бірі.

Тиімді педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы қауіпсіз орта құру қажет. Оқушылар мен мұғалімдерді оқытудың дәстүрлі форматына оралу – маңызды міндет. Мемлекет бұл бағытта бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Оларды сақтау, барынша көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жәрдемдесу – бүгінгі күні кәсіподақтардың басымдығы болып табылады.

“Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ төрайымы Гүлбарам Науразбаева аталған дөңгелек үстелге дайындық кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және оқушыларды оқыту тұрғысынан Ақсу қалалық және ауылдық аймақтарының, Май, Баянауыл аудандары мен Екібастұз қаласының білім беру ұйымдарының 20 объектісіне барып, зерделенгенін ерекше атап өтті.

Жүргізілген мониторинг білім беру ұйымдарында педагогтар мен техникалық қызметкерлер үшін “Ashyq” бағдарламасы жұмыс істейтінін, бейнебақылау, “дабыл түймелері” мен турникеттер орнатылғанын көрсетті. Қызметкерлері вакцинациядан өтті. Маска режимі сақталады. Мектептерде ” бір сынып – бір кабинет “қағидасы сақталған.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбын жалғастыра отырып, Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ғизат Абешев Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 “Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы”қаулысын орындауды ұсынды.

Успен ауданы мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы Успен ауданының білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Жиренова айтып берді.

Пандемия және онымен байланысты карантиндік шаралар жағдайында білім беру ұйымының техникалық инспекторының қызметі ерекше рөл мен мәнге ие болды.

Облыстық “Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор-2021” байқауының гран-при иегері, Аққулы ауданы Малыбай ЖОББМ мұғалімі Әділет Дүйсенов техникалық инспектор тәжірибесімен бөлісті.

Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:

1. Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі “Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы” №38 Қаулысы назарға алынсын және бұлжытпай орындалсын.

2. Дәстүрлі оқыту жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтаудың күнделікті қоғамдық мониторингі бойынша еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру.

3. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, анықталған санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті бұзу актілерін жоюға қол жеткізсін.

4. Қоғамдық бірлестіктің ішкі құрылымының қалалық (аудандық) филиалдары, бастауыш кәсіподақ ұйымдары Of-line оқыту жағдайында қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау жөніндегі шараларды күшейтсін, қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарды жан-жақты қамтамасыз етсін.