ҚРКФ білім беру марафоны – кәсіби дамудың жаңа факторы

Кәсіподақтар федерациясының келіссөздер процесінде біліктілікті арттыру үшін білім беру марафоны Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ белсенділері арасында өз жұмысын жалғастырды.

Қатысушыларға арнаған сөзінде ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Кәсіподақтар федерациясы оқыту сияқты құралға ерекше мән беретінін атап өтті.

«Жыл басынан бері Кәсіподақтар федерациясы 235 оқыту семинарын өткізді, оның 206-сы онлайн, 29-ы офлайн режимде болды. Семинарларға 8 890 кәсіподақ көшбасшылары қатысты. Кәсіподақтардың білім марафоны аясында 34 оқу семинарлары өткізілді, барлық аумақтық бірлестіктер мен 16 республикалық салалық кәсіподақтар қамтылды. Білім марафонына 3 мыңға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Жыл соңына дейін марафон аясында 30-дан астам оқыту семинарлары өтеді», – деді Мұхтар Тінікеев.

Сонымен қатар, ол Кәсіподақтар федерациясы басшылығының еңбек ұжымдарымен кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында ҚРКФ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын өткізуде. Біз бастауыш кәсіподақ ұйымдарына 59-дан астам қашықтықтан онлайн сапар жасадық. Кәсіподақ мүшелері Федерация басшылығымен кездесулерге үлкен қызығушылық танытады. Бұл формат әрбір бастауыш ұйымға жетуге және қызметкерлердің мәселелерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл біздің қатарымызды біріктіреді және нығайтады», – деді Мұхтар Тінікеев.

Ол кәсіподақтар күнін мерекелеуге орайластырылған шараларға ерекше назар аударды.

«Біз 8 қазанда кәсіподақтар күніне орай форум өткізуді жоспарлап отырмыз, оның аясында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы мен Кәсіподақтар федерациясының басқа да байқауларының нәтижелері шығарылады, қорытындылады. Жеңімпаздар Кәсіподақтар федерациясының жаңа марапаттарына ие болады», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары.

Семинар аясында ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғманов Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

Ол қашықтықтан жұмыс істеу шарттарын реттейтін жаңа заң ережелерін, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының заңнамалық түзетулер бойынша жұмыс барысында бастамаларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Семинар барысында ҚРКФ ӘӘ және ӘЭҚ комитетінің бөлім меңгерушісі Айжан Ибраева әлеуметтік әріптестікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша курсты ұсынды.

Айжан Ибраева ұжымдық шартты әзірлеудің негізгі технологиялары, оны жүзеге асыру тетіктері мен ұжымдық келіссөздер әдістері туралы айтты.

ҚРКФ ҰБЖД директорының орынбасары Ләззат Есжанова қатысушыларды Қазақстанның еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесімен таныстырды.

Қатысушыларға еңбек дауларының практикалық істері ұсынылды, онда кәсіподақтардың қатысуы жұмыс берушілермен дауларда жұмысшылардың позициясын қорғауға мүмкіндік берді.

Ләззат Есжанова еңбек шартын жасасу, сынақ мерзімін есептеу тәртібі, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру шарттары, еңбек шартын бұзу негіздері және кәсіподақ қызметкерлеріне қажетті басқа да маңызды нормалар сияқты өзекті мәселелерге тоқталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы