Батыс Қазақстанда Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының үйлестіру кеңесінің бүгінгі отырысының күн тәртібінде Кәсіподақтар күні мерекесінің өткізілуі, қарттар күні аясында қайырымдылық айы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кеңінен атап өту мәселелері қаралды.

Дәстүрлі кәсіподақтар күні мерекесіне орай, сонымен қатар қарттар күні аясында өткізілетін бірқатар іс-шаралар жоспары талқыланып, өткізілу уақыты бекітілді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне сәйкес кәсіподақ мүшелерімен бірлесе спорттық шаралар өткізу жоспарлануда.

1 қыркүйектен бастап елімізде өткізіліп жатқан халық санағына онлайн форматта толықтай қатысу қажеттігі атап өтілді. Кездесу барысында облыстық салалық кәсіподақ төрағалары өз салаларындағы кәсіподақ жұмысы барысын атап өтіп, еңбек қатынастарындағы мәселелерге тоқталды.