Павлодарда отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды

2021 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова Павлодар облысының медиация орталығы мен Қазақстан халқының аналар кеңесінің ұйымдастыруымен облыстың аналар кеңесі мүшелері мен қоғамдық медиаторлардың қатысуымен “Отан отбасынан басталады” атты дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараның спикерлері Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Б.Максилова, “Аналар үйі” жобасының жетекшісі А.Әбішева, Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы А.Дяк, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова, “Қоғамдық келісім” КММ медиация орталығының жетекшісі О.Николашина болды.

Динара Айтжанова өз сөзінде: “Павлодар облысындағы депутаттық корпус отбасылық құндылықтарды нығайту және балалы отбасыларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, біздің өңірде некені бұзу мәселесі толғандырады, бұл кешенді шешімді талап етеді”.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығы” татуластыру орталығының медиаторлары “Отбасылық сот”, “Сотқа дейін татуласу” жобаларына қатысады, ҚРКФ Заң клиникасының Павлодар филиалымен бірлесіп “Отбасылық ХҚКО” неке-отбасы заңнамасы мәселелері бойынша тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырады, “Аналар үйі” жобасының қатысушыларына және “Балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы” тәрбиеленушілеріне консультациялық қолдау көрсетеді.

Ольга Николашина өңірде “Мектеп/колледж – жанжалсыз аумақ” пилоттық жобасының дамуы туралы айтты, оның аясында оқушылар мен студенттер жанжалсыз қарым-қатынасты үйренеді, бұл отбасылық құндылықтарды нығайтады. Тек 2021 жылы 3755-тен астам оқушылардың, студенттердің, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен 24 оқыту семинары өтті. Жоба облыстың Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, Павлодар облыстық сотының, Павлодар облысының білім басқармасының, өңірдің ішкі істер департаментінің, Павлодар қаласы прокуратурасының, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің медиация орталығының қолдауымен енгізілуде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасылық құндылықтарды нығайту, балалы отбасыларды қолдау, некені бұзуды болдырмау, отбасы институтын одан әрі дамыту мәселелерін одан әрі шешу перспективаларын талқылады.