Павлодар қаласының прокуратурасында бизнес субъектілерінің карантиндік шектеулерді сақтау мәселелері айтылды

2021 жылғы 13 қыркүйекте бизнес өкілдерінің, құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлерімен елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау үшін әзірлеген “Аѕһуq” қосымшасын пайдалану мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Талқылауға “Yntymaq” орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Павлодар филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева қатысты.

“Аѕһуq” қосымшасы QR-кодты пайдалану және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді: ол қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па?! Бизнес үшін бұл карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, Соvid-19 таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді және залалдануға әкелетін байланыстар санын қысқартады», – деп атап өтті Гүлзира Атабаева.