Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

2021 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар қаласының Жастар бастамалары орталығында жастар саяси клубының кезекті отырысы өтті, оған Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілі Данат Қайырбек қатысты.

Кездесу тақырыбы – “Президенттік Жастар кадрлық резерві”. “Павлодар облысының Мемлекеттік қызмет департаменті” ММ және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Павлодар филиалының өкілдері қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас дарындарды анықтау мақсаты туралы, Президенттік Жастар кадрлық резервіне қатысушыларға қойылатын талаптар туралы (35 жастан аспаған, жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жоғары білімі, мемлекеттік тілді орта деңгейден төмен емес білуі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі), қажетті құжаттарды ұсыну туралы, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу және мансаптық және кәсіби өсу үшін білім алу рәсімі туралы мәселелер қозғалды.

Президенттік резервте болу мерзімі – 3 жыл. Резервке алынған адамдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша саяси лауазымдарға, “А” корпусының лауазымдарына, “Б” корпусының басшы лауазымдарына және “Б” корпусының А санаты тобының лауазымдарына, сондай-ақ конкурс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда тағайындалуы мүмкін.

Президенттік Жастар кадрлық резервіне қатысушылар іріктеу кезеңдерінен өтудің практикалық тәжірибесімен бөлісті.