Кәсіподақ мамандары кеңес берді

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде маман Н.Жетпісбай «ZOOM» платформасы арқылы Әйтеке би ауданының оқу ұйымдары қызметкерлеріне заң кеңестерін берді.

Ал облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы А.Серімбетов бастауыш кәсіподақ қызметіндегі ұйымдастыру жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, нормативтік құжаттар, ұжымдық шарт, тексеру актілері өзге де негізгі құжаттарды толтырудың үлгілерімен таныстырды. Қашықтықтан өткен кездесуге ауданның мектептері, мектепке дейінгі оқу мекемелері мен қосымша білім беру мекемелері басшылары, кәсіподақ көшбасшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар тарапынан ұйымдастыру жұмыстары, іс-қағаздарын жүргізу және еңбек заңдылықтары бойынша сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптар берілді.