«30 Еңбек Елшісі» жобасының жеңімпазы үздіктер қатарында

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қала күні» мерекесіне орай “Орал жастары” мен ҚазИИТУ ғылым-білім кешенінің бірлескен жобасы «Білімділер додасы» зияткерлік сайысы өтті.

Қаланың талантымен танылған өнерлі жастары, спортшылары, әртүрлі саладағы озық ойлы, іскер мамандардың зияткерлік қырын танытқан бұл жобаға Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесінің төрағасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының жеңімпазы Мерген Сүлейменовтың жетекшілігімен құрама қатысып, 9 топтың арасынан бас жүлдені иеленді.