Білім саласы зейнеткеріне шипажайға жолдама табысталды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының бас маманы, заңгері Г.Құрмангазиева білім жүйесіндегі көпжылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Білім беруді дамыту орталығының директорының орынбасары Сабиров Нұрлан Менешұлын зейнеткерлік жасқа шығумен құттықтап, «Сарыағаш» шипажайына жолдама табыстады.

Нұрлан Менешұлы еңбек жолын қарапайым мұғалімінен бастап, мектеп директоры, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, аудан әкімі, БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарып, игі істерге бастамашы болды.