Жас мамандарға техникалық инспектор куәлігі табысталды

Бұл туралы “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағының аға техникалық инспекторы В. Скворцов өз сөзінде:
– Жаңадан сайланған техникалық инспекторлар “Богатырь Көмір” ЖШС Оқу-курс комбинатында оқытудан өтеді. Оқумен комбинат мамандары, сондай-ақ “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағының өкілдері айналысады, деп атап өтті.

Оқу курсы аяқталғаннан кейін техникалық инспекторлар компанияның басшылары мен мамандары сияқты көлемде еңбекті қорғау білімін тексеруге емтихан тапсырады. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін оларға техникалық инспекторлардың куәліктері және Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекторы қол қойған сертификат беріледі.

Осы жылы 15 жаңа техникалық инспектор оқудан өтіп, куәлік алды. Айта кету керек, әр инспектор өз өкілеттіктерін жұмыстан босату немесе зейнетке шығу себебінен тоқтатады. Бұл жағдайда учаскеде “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподақ мүшелерінің жалпы жиналысы өткізіледі және ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес неғұрлым лайықты кандидатура таңдалады.

Техникалық инспекторлардың қызметіне көбірек жастар кірісуде. Оларға ұжым мен басшылық сенеді. Игорь Белтюговты (“Богатырская” ЖПҚ) және Василий Васильевті (“Октябрьская” жабдықтау депосы) аса айтып өту керек. Жаңадан сайланған инспекторлар аға буынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтау жөніндегі жұмысын жалғастыруда.