Кәсіподақ өкілдері құрылысшылармен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Рустам Жандосов пен елорданың Кәсіподақтар орталығының өкілдері «Тұран» әзірбайжандар конгресі» компаниясы салып жатқан «Әзірбайжандардың мәдени орталығының» құрылыс алаңында жұмысшылармен кездесті.

Спикерлердің әрқайсысы қарапайым еңбек адамының мүдделерін қорғау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайту, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету ел Үкіметі мен кәсіподақтардың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жұмысшыларға қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек заңнамасының жаңа нормалары мен ережелеріне түсініктеме берілді. Құрылыс кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану деңгейі өте жоғары болғандықтан, еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жұмысты бақылауға бас мердігер жауап беретін норма енгізілгені, енді орын алған жазатайым оқиға үшін барлық жауапкершілікті бас мердігерлер қосалқы мердігерлік ұйымдарға ауыстыра алмайтындығы айтылды.