Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында ПРОФТУР-Қарағанды есігі ашылды

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы жанынан Қарағанды өңірінің кәсіподақ мүшелері үшін санаторийлерге, пансионаттарға және демалыс үйлеріне жолдамаларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын ПРОФТУР-Қарағанды есігі ашылды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын қалпына келтіруге және сауықтыруға бағытталған «Ем ал! Дем ал! Білім ал !» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған болатын.

ПРОФТУР-Қарағанды жергілікті деңгейде осы ауқымды жобаны іске асыруға жәрдемдеседі: ауруға шалдыққан және сауықтырғысы келетін кәсіподақ мүшелерінің тізімін жасау, логистиканы, қызметтердің қолжетімділігін ұйымдастыру және т.б. айналысатын болады.

Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының өкілдері үшін ПРОФТУР-Қарағанды басшысы Қарлығаш Әбілсейітова санаторлық-курорттық емдеуді, отбасылық және балалар демалысын ұйымдастыру және таңдау, сондай-ақ тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру тәжірибесі мен қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

ПРОФТУР-Қарағанды жыл сайын «Әлем Қарағандылықтардың көзімен» фотоконкурсын және кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында «Менің туған өлкем», «Бастауыш ұйымның үздік кәсіподақ көшбасшысы», «Кәсіподақ – менің өмірім», «Әлеуметтік желілердегі үздік кәсіподақ қоғамдастығы» атты сурет байқауларын ұйымдастыратын болады, олардың жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, олардың ең бастысы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының шипажайларының бірінде санаториялық-курорттық емделу болып табылады.

Онлайн-кеңес қорытындысы бойынша Қарағанды облысының кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақ мүшелері үшін демалысты ұйымдастыруда ПРОФТУР-Қарағанды арасында ашық келісім жасасу туралы шешім қабылдады, мәселен, жобаны қолдау және оған қатысуға дайындық туралы  төраға Болат Жұмабеков,  Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы төраға орынбасары Татьяна Шатохина, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова және Жезқазған өңірінің Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаев сөз сөйледі.

Келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 5, каб. 217 немесе 8/7212/ 42-42-15 телефоны бойынша, немесе электрондық мекенжайына: karlatour@karlatour.kz. Сондай-ақ, кеңесте Қазақстан кәсіподақтары күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған алдағы іс-шаралар туралы талқыланды.