Медиация – дауды шешудің ең жақсы тәсілі

2021 жылғы 17 қыркүйекте “МИР” өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ шақыруы бойынша Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары семинар-тренингте медиативтік келісімнің нысанын, құқықтық табиғатын және орындалуын қамтамасыз ету мәселелерінің өзекті тұстарын зерттеді.

Семинар-тренингтің спикері “Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық Медиаторлар Палатасы” РҚБ өкілдігінің директоры, тренер медиатор, қауымдастырылған профессор  Марианна Ивановна болды.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі медиацияны еңбек дауларын үшінші бейтарап, осы жанжалға мүдделі емес тарап – медиатордың қатысуымен шешудің баламалы нысаны ретінде қолдану мәселелері бойынша оқытудың маңызды рөлін мойындай отырып, жеке еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру рәсімдері мәселелеріне басым бағыт бөледі.

Медиация еңбек дауларын шешудің тиімді құралы болып табылады, бұл еңбек даулары бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығы сотқа дейін жүргізген медиациялардың санымен расталады, бұл соттардағы еңбек дауларының санын азайтуға және қызметкер мен жұмыс берушінің келісім шарттарын жедел орындауына әкеп соғады.

Семинар-тренингке қатысушылар медиативтік рәсімдерді өткізу туралы келісімді ресімдеу тәртібін, татуласу рәсімінің тәртібін, тараптардың қол жеткізген уағдаластықтарын ерікті және мәжбүрлеп орындау мәселелерін зерделеді.

Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушылар тренер-медиатор Марианна Ивановаға алғыс білдіріп, “Мир “өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ медиативтік рәсімдерді оқыту бойынша ынтымақтастықтың одан арғы векторларын айқындады.