Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған веложарыс ұйымдастырылды

“ҚазТрансОйл” АҚ бекітілген бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларға кірісті, олардың ішінде әрбір құрылымдық бөлімше “30 игі іс”: қайырымдылық, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралардың бірі “ҚазТрансОйл” АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ қолдауымен 2021 жылғы 18 қыркүйекте “Қазтрансойл”АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы ұйымдастырған веложарыс болды.

Павлодар қаласының шаңғы базасында “ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының көптеген қызметкерлері әріптестерінің және отбасы мүшелерінің, балалардың қолдауымен веложарыстың белсенді қатысушылары болды. Велошерудің барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен және спорттық наградалармен марапатталды.

Жарыстан кейін велошерудің қатысушылары мен жанкүйерлері үшін қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды.

Спорттық мерекеде бірлік, достық, спорттық құмарлық атмосферасы орнады. “ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасында егеменді мемлекеттің басты мерекесі-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “30 игі іс” басталды.ымдастырылдды