“Қазэнергокабель” АҚ кәсіподақ комитеті қызметкерлердің отбасылары үшін “Мектепке жол” республикалық акциясын ұйымдастырды

ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған “Әділеттілік пен дамуға – бірлікте” стратегиясында Еңбек адамы және оның отбасы кәсіподақтардың басты құндылықтары болып жарияланды.

Шығарылатын өнім номенклатурасы 17 000-нан астам атаулар мен маркоразмерлерден тұратын Кабельдік-өткізгіш өнімдердің ірі отандық өндірушісі болып табылатын “Қазэнергокабель ” АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамында кәсіподақтың 492 мүшесі бар.

Кәсіподақ комитеті алғаш рет оқушы болған балаларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға “Мектепке жол”республикалық акциясын өткізуді ұйымдастырды.

Акция шеңберінде кәсіподақ комитеті “АBDI” дүкенінен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 10 мың теңгеден сертификаттар және сыйлықтар әзірледі, олар отбасында балалары алғаш рет жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына барған 22 жұмыскерге, балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылары бар 10 жұмыскерге және отбасында мүгедек бала тәрбиеленіп жатқан жұмыскерге салтанатты түрде табыс етілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, сертификаттарды тапсыру салтанатты түрде ашық ауада мерекелік жағдайда өткізілді.