Өзекті мәселелер қозғалды

17 қыркүйек күні  қалалық мәслихат депутаты, Павлодар облыстық кәсіподақтардың аумақтық одағының «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Онлайн режимде өткен іс-шараға кеңес мүшелері және «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Айнагүл Сәрсенбаева қатысты.

Күн тәртібіне бірқатар мәселелер, соның ішінде қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу, Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, сондай-ақ жол картасын іске асыру және т. б. мәселелер шығарылды.

Айнагүл Сәрсенбаева өз сөзінде Кеңес мүшелеріне Павлодар қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының «Жастарға арналған өңір» бағытының индикаторларын іске асыру барысы туралы хабарлады.

Бүгінгі таңда қала жастарының саны 58 727 адамды құрайды (16,2%). Жастарды жұмысқа орналастыру үшін бірқатар шаралар әзірленді, оған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, консультациялық жұмыс, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарын құру, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру кірді.

Бұдан басқа, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, Жастар «Бизнес – Бастау» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді және нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша кәсіптік оқытуға қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде жауапты мемлекеттік органдар базасында жол картасының индикаторларын орындау бойынша көшпелі отырыстардың кестесі бекітілді. Қазан айында Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің базасында көшпелі отырыс өтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша ішкі саясат бөлімінің басшылығына жол картасының индикаторларына қол жеткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын ұсыну, сондай – ақ кеңес мүшелерінің және «Еңбек», «Бизнес-Бастау» және т. б. бағдарламалардың бенефициарларының қатысуымен бейнероликтер дайындау бойынша ұсынымдар берілді.