Еңбек адамы – ел мақтанышы

“ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық жабдығын жөндеу және баптау учаскесінің технологиялық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесары Николай Николаевич Куцтің еңбек өтілі 42 жылды құрайды, оның ішінде 28 жыл бойы ол “ҚазТрансОйл” АҚ-да мінсіз еңбек етеді.

Куц Николай Николаевич өзінің еңбек жолын 1978 жылы Кемерев электрмонтаж бұйымдары зауытының Павлодар филиалында дәнекерлеуші болып бастады, содан кейін “Электросредазмонтаж” трестінің Павлодар электрмонтаж бұйымдары тәжірибе зауытында құбыр салушы слесарь болып жұмыс істеді. 1983-1994 жылдар аралығында түрлі кәсіпорындарда электргазбен дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.

Қазақстан мен Орта Азияның магистральдық мұнай және өнім құбырларының республикалық мемлекеттік өндірістік бірлестігіне Николай Николаевич 1993 жылы Павлодар мұнай құбыры басқармасының газ-электр дәнекерлеушісі болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық жабдықтарын жөндеу учаскесінің технологиялық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь болып жұмыс істейді, өзінің алдына қойылған өндірістік міндеттерді уақтылы орындайды, белгіленген еңбек тәртібін толық көлемде сақтайды.

Жұмыс барысында Николай Николаевич өзін үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар сауатты және кәсіби маман ретінде көрсетті, ол үшін еңбек ұжымында лайықты бедел мен құрметке ие.

Николай Николаевич Куц еңбек жолы қоғамдық қызметпен – “ҚазТрансОйл” АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігіне мүшелікпен тығыз байланысты.