Кәсіподақ өкілдері қоғамдық кеңестің отырысына қатысты

“Қазтұтынуодағы” Қарағанды университетінің ректоры Еркара Аймағамбетовтың төрағалығымен Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Өңір басшысы атап өткендей, Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Әлеуметтік саладағы көптеген мәселелер шешілді.

2,2 трлн теңгеге жуық сомаға 50 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 19 жоба – шетелдік капиталы бар, бұл өңдеу өнеркәсібінің көлемін, оның ішінде машина жасау саласында 2 еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Серік Төрегелдин, «Ақжүніс аналар» қозғалысының өкілі, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Ләззат Қожахметова қатысты.

Келіп түскен барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді, жеке шешу жолдары анықталды.