Ірі тау-кен металлургия компанияларының жаңа ұжымдық шарттарын дайындау барысы ашық талқыланды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен, әкімшіліктермен және кәсіподақтармен бірлесіп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Шұбаркөл Көмір» АҚ компанияларының ұжымдық шарттарының жобалары бойынша келіссөздер процестерін аяқтау және тараптарды келісу тармақтары мен мерзімдері бойынша қол жеткізілген келісімдердің жай-күйі қаралды.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков өндірістік жарақаттану деңгейінің өскеніне назар аударып, тараптарға ұжымдық шартқа қоғамдық техникалық еңбек инспекторларын штаттан тыс жағдайларды анықтау мен алдын алудың нақты фактілері үшін көтермелеу шараларын енгізуді қарастыруды ұсынды, сондай-ақ еңбек ұжымдары мүшелерінің көпшілігінің мүдделерін қозғайтын жұмыс беруші актілерінің жобаларын кәсіподақтармен келісуді ұсынды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев және «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин жаңа ұжымдық шартта жұмыс істеп тұрған екі кезеңнің орнына жалақыны индекстеуді енгізудің және өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеудің бір жолғы тәртібін (он үшінші жалақы) белгілеуді ұсынды.

Жалпы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Шұбаркөл Көмір» АҚ кәсіподақтары мен жұмыс беруші компанияларының өкілдері сындарлы диалог арқылы консенсусқа қол жеткізу үшін шаралар қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

P.S. Ұжымдық шарттар жасауды тараптар ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында жоспарлап отыр.