Қызметкерлердің МӘМС жүйесіне қатысуы – медициналық көмектің қолжетімділігінің кепілі

2021 жылғы 23 қыркүйекте “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін семинар өтті.

Іс-шара спикері “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы А. А. Мукатова болды.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н.Айтжанова кездесуді аша отырып: “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды уақтылы аударуды қамтамасыз ету бойынша кәсіподақтардың қоғамдық мониторингі қызметкердің медициналық қызмет алушы мәртебесін сақтап қалуына көмектеседі.

Осы мақсатта әрбір кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымдары қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестікте әрбір қызметкерге МӘМС қорына жарналарды уақтылы аудару бойынша мәселелерді шешеді”, – деді.

Спикер А.А. Мукатова Қордың МӘМС жарналары мен аударымдарын шоғырландыру; ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алу және төлеу; медициналық қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу бағыттары бойынша қызметі туралы айтты.

ҚР азаматтарын амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарының тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және амбулаториялық деңгейде мамандандырылған емдік өнімдермен тізбесін бекіту туралы” тізбеге сәйкес жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген.

Қордың негізгі міндеттерінің бірі ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттің қолжетімді және сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғау болып табылады.

ТМККК және МӘМС түрлі мәселелері, төлеу тәсілдері және берешектің болуы, медициналық көмек алу кезіндегі мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін 1406 бірыңғай Сall-орталығы ұйымдастырылды, туындаған барлық сұрақтар бойынша 70-41-23, 70-41-24 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Семинар спикері қатысушылардың іссапарда медициналық көмек алу мүмкіндігі, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ-ға жарналар мен аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін әкімшілік жауапкершілік мөлшері туралы сұрақтарына жауап берді.