Кәсіподақ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Еңбек күні және Қазақстан кәсіподақтары күндерін мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп «Central Asia Cement» АҚ және «КарЦемент» АҚ жұмыс орындарының еңбек ұжымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков кәсіподақтар мүшелерінің назарын өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне (биыл екі қызметкер жарақат алды), «Central Asia Cement» АҚ және «КарЦемент» АҚ әкімшіліктерімен қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды бақылау мен сақтаудың нақты жүйесін құру, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігіне аударды, 2021 жылы әлеуметтік шиеленістің қауіп-қатер картасына енгізілген қала құраушы кәсіпорындардың мәселелерін бірлесіп шешу бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Қарағанды облысы әкімдігінің қызметімен таныстырды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының және екі құрылыс кәсіпорнының әкімшілігінің бірлескен жұмысы осы жылы бірқатар өмірлік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді: 2021 жылдың қаңтарынан бастап жалақыны 7,5 пайызға индекстеу жүргізіледі, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қызметкерлердің жалақысы төмен санаттарына жалақыны 15-20 пайызға арттырды, сонымен қатар зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге қосымша ақы төлеу мәселесі шешілді.

Құрылыс кешені және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов 2021 жыл кәсіподақ жұмысының негізі болып табылатын кәсіподақтардың Бастауыш ұйымы жылы деп жарияланғанын атап өтіп, Қарағанды өңірінің кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасасу кезіндегі оң өзгерістер туралы айтты.

«КарЦемент» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Әділ Мезгілбаев пен «Central Asia Cement» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Масунова және персоналмен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы Ирина Полуйчик кәсіподақ комитеттері мен кәсіпорындар әкімшілігінің жұмысы туралы айтып берді.

Жалпы кездесу оң деңгейде өтті, көптеген мәселелер бірлесіп шешілетінін атап өткен жөн: қиын кезеңде кәсіпорындар басшылығы жұмыс орындарын сақтап қалды, еңбек өнімділігінің өсуі бойынша перспективалар бар, сонымен қатар ұжымдарда 800-ден астам адам, негізінен жұмысқа және үйге сынған жолмен жететін Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындары еңбек ететінін атап өткен жөн (бұл автожол жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде) (МӘСЕЛЕНІҢ БАҒАСЫ-2 КМ.).

Кездесу соңында бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды: Оксана Семикоз – қазандық қондырғының инженер-жылу технигі, Хайратбол Тахауи – цемент себуші, Андрей Смирнов – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас техникалық басшы, Людмила Юртаева – #1 цемент тарту цехының цемент диірмендерінің машинисі, Назиля Якимова – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, Петр Дурнев – «Cetral Asia Cement» АҚ Бас директоры.