ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Машина жасау саласы қызметкерлерінң күнімен құттықтауы

Құрметті машина жасау саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Машина жасау саласы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші орын алады әрі бүкіл өнеркәсіптің негізі болып табылады. Машина жасау саласының жетістігі әрқашан әлеуметтік-еңбек қатынастарының даму деңгейі мен қоғамның әл-ауқатының өсуін анықтайды.
Өндіріс сапасы мен сенімділігі өздерінің бай дәстүрлері мен еңбек әулеттерімен мақтана алатын жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің елеулі еңбегі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі мерейлі мерекеде барлық машина жасау саласы қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық пен жемісті еңбек, толағай табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин