Алматы қаласының еңбек ұжымдары Еңбек күнін өткізді

Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтті.

Мерекенің негізгі мақсаттары – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Дегенмен, еңбек мерекесін еңбекте қарсы алу тіпті орынды.

Осы орайда Наурызбай ауданы білім үйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ мүшелері ұжымдарындағы еңбек ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, одан соң жұмыс орындары мен аулаларына тазалық жұмыстарын бастап кетті.

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды.