Белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында “Қалың қалай, бастауыш ұйым?” республикалық акциясы аясында Қазақстан Кәсіподақтары күні қарсаңында Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымы А.Есекенова бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.

Шара барысында бастауыш кәсіподақ жылы аясында белсенді жұмысымен, өз ісінде біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылған кәсіподақ мүшелері Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы Алғыс хатымен, “Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” БҚО ҚБ Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, кездесуге “Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” БҚО ҚБ төрағасы А.Батырханов қатысты.